Әли Оқапов анасы Роза Рымбаева туралы фильм түсірмек

509
Отандық танымал әнші Әли Оқапов жаңа жобаны қолға алды. Өнер иесі бұл жолы өзінің анасы, ҚазКСР халық әртісі Роза Рымбаева туралы фильм түсірмек. Ол өзін қалың көпшілікке кинопродюсер ретінде жаңа қырынан танытпақ ойда жүр екен.
Жақында ғана тыңдармандарын қазақ тіліндегі жаңа туындысымен қуантқан Әли Оқапов өзін басқа салада сынап көрмекші. Бұл жайлы әртіс өзінің Instagram желісінде хабарлады. Жас әнші кеңестік және қазақстандық эстраданың дүлділі Роза Рымбаеваның өмірі мен шығармашлығына арналған толықметрлік фильмнің бас продюсері болмақ. 
Әлидің айтуынша, анасына арнап фильм түсіру туралы ой бұрыннан келе жатыр. Өнер иесі бұл идеясын енді ғана іске асыруға бекінген.
 "Осы жолы қолға алып, неге көрмеске деп бастап кеттік. Қорқынышпен бірге қобалжу да бар. Бірақ, меніңше әрбір адам өзі білмейтін нәрседен қорқады ғой. Бірақ, ақырындап қадамдарымызды жасап, ойлағанымызды жүзеге асырудамыз. Бұл жайында алғаш рет ресми түрде айтып тұрмын" , - деді Әли Оқапов.