Ақтөбе облысында жыршылар мектебі ашылды

381
Дәстүрлі ән айту өнеріне өңірге танымал термешілер баулитын болады.
 Ауыз әдебиетінің жауһары саналатын эпостар мен қисса-дастандарды жаттап, «нақышына келтіре орындауды үйренем» деушілер үшін аптасына екі мәрте дәріс беріледі. Ұйымдастырушылар ниет еткен жандарға ешқандай шектеу жоқ дейді. Музыкаға қабілетті болғаны жеткілікті. Облыстық халық шығармашылығы орталығы жанынан құрылған «Ер Едіге» жыр мектебі кеңестік кезеңде үзіліп қалған өнер салтын қайта жандандыруға ниетті. Ол үшін дәстүрлі ән орындаушыларын баулып ғана қоймай, ұмыт қалған жыршылар мен олардың өлең шумақтарын зерттеуді қолға аламыз дейді. 
Демеубай Жолымбетов, жыршы: 
- Дауысты қою дейтін бар ғой. Сосын бір жағынан домбыраны үйрететін адамдар, бірте бірте көбейтсек деген ой бар. Әзірге осы терменің, жырдың мектебін ашып алып, жаймендеп балаларға сөзді үйретіп, мақамдарды үйретіп, етек алып кетсек деген ойымыз бар.