Министр еліміздің экономикасы қандай жағдайда тұрғандығын айтты

439
Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Қазақстанда ақпан айында жалпы ішкі өнім минус 2,9 пайызды құрағанын мәлімдеді
Бұл жөнінде Әсет Ерғалиев үкімет отырысында сөз етті. Оның айтуынша, осы жылдың қаңтар-ақпан айларында макроэкономикалық көрсеткіштерде оң үдеріс байқалған. "Жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны қаңтардағы минус 4,5 пайыздан қаңтар-ақпанда минус 2,9 пайызға дейін жақсарды", – деді ұлттық экономика министрі. Сонымен бірге, ведомство басшысы жылдық инфляция 7,4 пайыз деңгейінде сақталғанын баяндады. 
Кен өндіру өнеркәсібін қоспағанда, нақты секторда өсім 6,3%-ке дейін жеделдеді. Негізгі капиталға инвестиция 13,3%-ке өсті.
 Әсет Ерғалиевтің айтуынша, кен өндіру өнеркәсібінен басқа, нақты сектордың барлық саласы тұрақты өсім көрсетті. Олар құрылыс, сумен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі, электрмен жабдықтау және ауыл шаруашылығы салалары. Сонымен бірге, ақпарат пен байланыс саласы 9,4 пайызға артты.