Қазақстанда мемлекеттік сатып алудағы заң бұзушылықтар анықталды

424
Қаржы министрі министрлер кабинетінің онлайн-отырысында ведомство жыл басынан бері мемлекеттік сатып алуда 23 миллиард теңге көлемінде қаржылық заң бұзушылықтар анықтағанын баяндады.
Ерұлан Жамаубаев 2021 жылдың қаңтар-ақпанында камералық бақылау 2,3 трлн теңгені құрайтын 213 мыңнан астам мемлекеттік сатып алу процедураларын қамтығанын айтты. 
"Тексеру нәтижелері бойынша 6153 процедурада заң бұзушылықтар анықталды. Мемлекеттік аудит объектілері бұзушылықтарды жою туралы 5 600 хабарлама орындады. 491 аудиторлық іс-шаралар өткізілді. Аудит 237 миллиард теңгенің бюджет қаражатын қамтыды. Қаржылық бұзушылықтар сомасы 23 миллиард теңгені құрады", – деді қаржы министрі. 
Сонымен- ақ, оның айтуынша, тауарлардың жеткізілімін қалпына келтіру, қызметтер көрсету және жұмыстарды орындау, бюджетке шығындарды өтеу және бухгалтерлік есепте көрсету арқылы 12 миллиард теңгеге заң бұзушылықтар жойылды.