Камалжан Надыров жаңа қызметке тағайындалды

352
Камалжан Надыров денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының басқарма төрағасы болып тағайындалды.
Надыров Камалжан Талғатұлы 1983 жылы 27 ақпанда дүниеге келген, екі жоғары білімі бар – медициналық және экономикалық. С.Д. Асфендияров атындағы қазақ мемлекеттік медицина университетін , Тұран университеті, Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебін бітірген. Duke University, "The Fuqua School of Business" (АҚШ), "Parkway College" (Сингапур), "Florence Nightingale" (Түркия) клиникалар тобында, "Oxford" Social Health Insurance system" (Германия) білім алған. 
"Қоғамдық денсаулық сақтау" (МВА) мамандығы бойынша іскерлік әкімшілендіру магистрі және "Бизнес әкімшілендіру" (EMBA) мамандығы бойынша іскерлік әкімшілендіру магистрі.
 2007 жылдан 2014 жылға дейін Б.У. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығында клиникалық ординатор, бөлім меңгерушісі, бас директордың орынбасары болып жұмыс істеді.