Биржадағы доллар бағамы 421 теңгеден асты

364
Бүгін таңертең америкалық валюта 2 теңгедей қымбаттады. Доллар бағамы 421 теңгеден асқан. 
Қазіргі сәтте доллардың орташа бағамы 421,02 теңге деп белгіленіп отыр. Америкалық валюта 1,92 теңгеге қымбаттаған. 

Валюта бағамы туралы ақпаратқа сүйенсек, Нұр-Сұлтандағы айырбастау нүктелерінде бүгін бір доллар 421,00-ден бастап 423,40 теңгеге дейін сатылуда. Сонымен қатар,  417,00-ден 420,00 аралығында сатып алуға болады. 

Алматы қаласындағы айырбастау орындарында бір АҚШ доллары 419,00-423,10 теңге аралығында сатылып жатыр. Сонымен бірге, 417,00-420,30 теңге аралығында сатып алуға болады.