Бастауыш сынып оқушылары мектепке бармайды

439
Бүгін Нұр-Сұлтанда екінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқиды, деп хабарлайды. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті мәлімет таратты. «Білім басқармасының шешімімен 10 наурызда ауа райының қолайсыздығына байланысты (бұрқасын, көктайғақ, қатты жел) қала мектептерінің ІI ауысымдағы 0-4 сынып оқушыларына сабақ қашықтан оқыту форматына ауысады» делінген хабарламада.