Мамин талантты жастардың елден кетпеуі үшін не істеу керектігімен бөлісті

429
Қазақстанда шетелдік университеттердің филиалы ашылады. Премьер-министр Асқар Маминнің айтуынша, бұл талантты жастардың елден кетуін азайтады.
Үкімет басшысы университеттердің білім беру бағдарламалары кәсіби стандарттар негізінде 100% жаңартылатынын айтады. 
Нәтижесінде түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндігі артады. "Дарынды жастардың елден кетуін азайту мақсатында шетел университеттерінің филиалдарын ашу жоспарланып отыр", – дейді премьер-министр үкімет отырысында. 
Сонымен бірге, ол Назарбаев университетінің үлгісінде инновациялар мен жаңа технологияларды дамытумен айналысатын екі озық жоғары оқу орны құрылатынын атап өтті. 
Бұдан бөлек, Асқар Мамин білім министрлігіне ең мықты 20 жоғары оқу орнын іріктеп, олардың тізімін 25 наурызға дейін Жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігі жөніндегі кеңесте қарау үшін үкіметке енгізуді тапсырды.