Жалған дипломмен сабақ беріп келген екі әйел ұсталды

453
Ақмола облысындағы колледже екі мұғалімнің жоғары білімді растайтын жалған дипломмен жұмыс істеп келгені әшкереленді.
Жалған дипломмен сабақ беріп жүргендерді оқу орнының басшысы анықтапты.
 "Полиция қызметкерлері колледжде педагогикалық қызмет атқару үшін білім бөліміне жоғары білім туралы жалған диплом ұсынған азаматтарды анықтады. Олар облыстағы ауылдардың бірінде тұратын 48 және 49 жастағы тұрғындар", – дейді департамент.
 Қазіргі кезде педагогтарға қатысты Қылмыстық кодекстің 385-бабы, 3-бөлігі (жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін, мемлекеттік награданы қолдан жасау, дайындау немесе өткізу) бойынша іс қозғалды.
 Екі әйел де өз кінәсін мойындаған. 
Айта кету керек, олар осы құжаттармен 2018 жылдан бастап жұмыс істеп келген екен.