Алматыда студенттер жатақханасынан коронавирус анықталды

407
Алматыда студенттерге арналған жатақханалардың бірінде коронавирус инфекциясы тіркелді. Бұл туралы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова онлайн брифингте айтты.

«Жатақханалардың бірінен коронавирус анықталды. Індет жұқтырған студенттер ПТР тестін өздері тапсырған. Онда эпидемиологиялық шаралар қабылданды. Байланыс шеңбері анықталды. Барлығы бақылауда «, - деді спикер. 
 
Оның айтуынша коронавирус үш студенттен анықталған. Олар бір бөлмеде тұрған жоқ.