Көктемгі каникулда оқушылар неше күн демалады

538
Елімізде мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 12 күнге созылатын болды. «Мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 20-31 наурыз аралығында – 12 күн аралығында дейін созылды. 4-тоқсанның сабағы 1 сәуірде басталады», - деп атап өтті ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен. Сондай- ақ, ведомство мәліметінше, 3-тоқсанда 1 сынып оқушылары үшін қосымша демалыс болды. Ол 8-14 ақпан аралығында 7 күнге созылды. Еске салайық, оқу жылының 3-тоқсанынан бастап бітіруші сыныптар (9,11,12 сыныптар) санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақтала отырып, аралас оқыту (пәндердің 70 проценті дәстүрлі форматта, 30 проценті қашықтан) форматына көшірілді. Сонымен қатар,  Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес 1 наурыздан бастап мектептерде білім беру аралас форматқа көшірілді. Осыған сәйкес, 1-5 сынып оқушылары түгел мектептен оқи бастады.