Тісін емдеймін деп сирек кездесетін ауруға шалдыққан елордалық халықтың көмегіне мұқтаж

364
Нұр- сұлтан қаласының тұрғыны Валерий Рогов Кореяға емделуге ұшуға мүмкіндігі болмай отыр. Алты жылдан бері жанына батқан ауруымен арпалысып келген азаматқа ақшаның жоқтығы мұңайтады. Мүгедек арбасына таңылған ол күн сайын далада түрлі тауар сатқанымен, керекті қаржының жиналатын түрі жоқ.
Валерий екі тісін емдеймін деп сирек кездесетін медиастинит ауруына душар болған. 2015 жылы сап-сау болған Валерий ауруханадан жарты жылдан соң сал күйінде шығады. Алдымен Валерийдің ақыл тісі іріңдеп, артынша аузын аша алмай қалған. Кейін дәрігерлер тісін жұлып тастаған. Сол уақытта асқынған ірің қанмен араласып, микроб миға дейін тараған.
 "Тамағына ота жасап, екі тісін жұлады. Операциядан кейін оны дәрігерлер жансақтау бөліміне емес, палатаға жатқызған. Аурухана төсегінде өлі күйінде қасында жатқан науқас тауып алып, шу көтерген. Валерий клиникалық өлімге тап болды. 36 күн бойы өлім мен өмір арасында жатты. Жалпы медиастиниттен аман қалатындардың саны шамалы. 100 пайыздың ішінде 23-і ғана мына дүниенің жарығын көреді", - дейді Валерийдің анасы Раиса Тройно.