Коронавирустың таралу қаупі жоғары екендігін ескертті

416
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой өзінің Facebook-тегі ресми парақшасында тұрғындарға үндеу жасап, Қазақстанда коронавирустың жаңа штамдарының таралу қаупі жоғары екендігін ескертті.
Министр өз жазбасында күз бен көктемде жіті респираторлық вирустық инфекция (риновирус, аденовирус, парагрипп вирус және басқалары) асқынатынын еске салды.
 "Қазір ЖРВИ маусымы жалғасуда, сондықтан сырқаттану қауіпі сейілген жоқ.
 Қыркүйек пен қаңтар аралығында елімізде таралған COVID-19-ды геномдық зерттеу нәтижесі бойынша коронавирустың ("британиялық", "Оңтүстік Африка", "бразилиялық") жаңа штамы анықталған жоқ. Алайда халықаралық әуе қатынасы қайта ашылғанын, шетелге шығатын ел азаматтары (еңбек көші-қоны, оқыту, емдеу, туризм), сонымен қатар, жақын және алыс шетелдерден келгендердің қатары көбейгенін ескерген жөн. Яғни коронавирус инфекциясының жаңа штамдарын тасу қаупі де артады деген сөз", - дейді Алексей Цой.