Дәрігерлердің басы дауға қалды

282
АҚШ мемлекетінің Мичиган штатында пациенттердің ішкі органдарын суретке түсіріп, оны әлеуметтік желіде жариялаған медқызметкерлердің басы дауға қалды.
Мичигандағы ауруханалардың бірінде қызметкерлер науқастардың ішкі органдарын суретке түсіріп, оны Instagram желісінде жариялаған. 
Журналистердің анықтауынша, ақ халаттылар ота жасау сәтінен кадрлар жариялап, оқырмандарынан алынған ағзаның салмағы мен ұзындығының қанша екенін сұраған.
 Фотолардың ота үстелінде жасалғаны, тіпті кейбір кадрларға пациенттердің түсіп қалғаны атап өтілген.
 Бұқара ақпарат құралы өкілдерінің пікір білдіру туралы сұранымынан кейін аккаунт өшірілген.
 Сондай- ақ, жанжал орын алған аурухана басшылығы кешірім сұрап, мұндай іс-әрекеттердің медициналық мекеменің ережелері мен жарғыларына қайшы екенін мәлімдеген.