Аллергиялық жөтел мен коронавирус кезіндегі жөтелдің айырмашылығы неде?

593
Алматы қаласының №2 қалалық емханасының жалпы тәжірибелік дәрігері Айдана Нұрлыман аллергиялық жөтелді коронавирус жұқтырғандағы жөтелден қалай ажыратуға болатынын айттып берді. 
Жалпы тәжірибелік дәрігер Айдана Нұрлыманның айтуынша, COVID-19 жұқтырған кезде өнімді ылғалды жөтел болады, ол дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, ентігу, кеуде қуысының қысылуы, бастың ауыруы, диарея, жүрек айну, құсу сияқты белгілермен қатар жүреді.
 "Аллергиялық жөтел өнімсіз құрғақ болуы мүмкін. Сонымен бірге мұндай жөтел адамдарды негізінен жазда, көктемде және күзде мазалайды", – деп қосты сарапшы. 
Дәрігер жөтел пайда болған кезде өзін-өзі емдемеуге, білікті көмекке жүгінуге және оның себебін анықтауға кеңес берді. Сонымен қатар, Айдана Нұрлыман темекі шегушінің жөтелін суық тиюдегі жөтелден қалай ажыратуға болатындығын айтты