Тағы бір өңір "қызыл" аймаққа кірді

382
Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. Оған сәйкес, тағы бір облыс "қызыл" аймаққа кірді.
16 наурыздағы мәлімет бойынша, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларынан бөлек "қызыл" аймаққа Батыс Қазақстан облысы да енген. 
Ал "сары" аймақта Ақмола, Қарағанды, Алматы, Атырау облыстары қатарда. Еліміздің қалған барлық өңірлері - "жасыл" аймақта. 
Жалпы Қазақстан COVID-19-дың таралу көрсеткіші бойынша "сары" аймақта тұр. 
Cоңғы мәліметтер бойынша, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 954 адам тіркелген. Олардың дені Алматы қаласынан болуда.
 Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы жұқтырғандар саны 225 685-ке жетіп отыр.