Белгілі дәрігер қауіпті өнімді атады

493
Танымал ресейлік дәрігер Александр Мясников асқазанның қатерлі ісігіне себеп болатын өнімді атады.

Бұл тақырыпты білікті дәрігер "Россия 1" арнасына берген сұқбатында қозғады. Оның айтуынша, 2015 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы барлық шұжық өнімін канцерогендер тізіміне енгізген. Сол себептен шұжық – бұл таза канцероген, дейді Мясников. 

Медицина маманы шұжықтың дәмін татуға болатынын жеткізді. Бірақ оның құрамында ауыр
майлар мен тұз өте көп. Сондықтан шұжық денсаулыққа зиянды деп отыр.  

Россия-1 телеарнасына сұхбат берген дәрігердің айтуынша, шаш түсуіне андрогенетикалық бейімділігі бар адамдарда ол қалпына келмейді. Бұл генетикалық және гормоналды сипаттағы сырқат болғандықтан, шашты алмастыру - емдеудің жалғыз тиімді әдісі. 

"Сіздер үшін жағымды жаңалығым жоқ. Өйткені сіз бұған ештеңе істей алмайсыз. Шаш бәрібір түседі", - деді ол. Сонымен қатар, дәрігер бояулар мен жасанды шаш ауру салдарын жасыра алмайды деп есептейді. 

"Әдейі қарайтып, татуировка жасайтын әртістерді білемін", - дейді Мясников. Мясниковтың пікірінше, шаштың диффузды түсуі ғана емделеді. Оған стресс, ағзадағы темір тапшылығы немесе қалқанша безінің сырқаты себеп болуы мүмкін.