Тағы бір облыс "қызыл" аймаққа кірді

463
Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. Оған сәйкес, "қызыл" аймаққа Атырау облысы да кірген.

Қазір "қызыл" аймақта Атырау облысынан бөлек, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан облысы бар.
 
"Сары" аймақта Ақтөбе, Алматы, Қарағанды облыстары болса, қалған өңірлер - "жасыл" аймақта тұр. 

Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "сары" аймақта. 
ДСМ мәліметінше, қазір елімізде 22 124 адам короновирустан емделуде, олардың ішінде 6 731 пациент стационарда, 15 393 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 307 адамның жағдайы ауыр, 76 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 39 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. 

Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырғандар келсек, 23 наурыздағы мәлімет бойынша аталмыш диагноз тағы алты адамға қойылып, екі науқас қайтыс болған, 153 адам жазылып шыққан. 

Жалпы 2020 жылдың 1 тамызынан бастап бүгінге дейін COVID-19 белгілері бар пневмониямен 50 152 адам ауырып, 669 науқас көз жұмған. 46 864 пацинет дерттен жазылған.