"ЦОН" қызметкері, қан құса бастаған ер адамды құтқарып қалды

468

Ақтауда аяқ астынан жағдайы нашарлап, қан құса бастаған ер адамды Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкеріне көмек көрсеті. Бұл туралы Маңғыстау облысы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының PR-менеджері Жадыра Шалабаева баяндады.

    Жадыра Шалабаеваның сөзінше, оқиға 3 наурызда 15 шағын ауданда орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығының жалпы залында болған. Ер адам өз кезегін күтіп тұрған сәтте қан құса бастап, жерге құлаған. Куәгерлер тез арада жедел жәрдем шақыртқан. Сол мезетте ХҚКО қызметкерлерінің бірі ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Осыдан кейін науқастың жағдайы айтарлықтай жақсарған. "Келген медқызметкерлер ер адамды ауруханаға жеткізді. Оны басшының орынбасары лауазымын атқаратын Азамат Әйтенов құтқарды. Ол әскерде болған және алғашқы көмекті қалай көрсету керектігін біледі. Бұл оның адамды құтқарған бірінші жағдай емес", - дейді Жадыра Шалабаева.