Денсаулық сақтау министрлігі халықтың денсаулығын жақсартуда бірнеше мақсатты шаралар қолдануда

569
Бұл ақпарат жайлы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният орталық коммуникациялар қызмет брифингінде айтып берді.

Бүгінгі таңда 7 мыңнан астам ұйым, оның ішінде амбулаториялар мен емханалар жұмыс істейді. Оларда шамамен 10 мың дәрігер, 28 мың ортақ медицина қызметкері, оның ішінде 47%-і ауылдық жерлерде жұмыс істеп жатыр. «Былтыр пандемиямен күресіп жүріп, бірқатар жұмыстар жүргізілді. Соның бірі – әрбір учаскелік дәрігерге кісі басына тіркелетін жүктеме азайды. Бұрын бір учаскелік дәрігерге 2000-2200-дей азамат тіркеліп қаралатын болса, қазірге таңда 1700-ге дейін төмендетілді. Пандемияға қарамастан 63 жаңа обьекті салынды. Медициналық қызметкерлердің жалақысы 30% көтерілді. Жылжымалы медициналық көмек дами бастады», - деп өз сөзінде баян етті. Денсаулық сақтау министрлігі биыл 25 ақпанда  2021-2025 жылдарға арналған «Алғашқы медициналық көмекті жақсарту» жөнінде шаралар жоспарын бекітті.