Елордалық әйелді ауруханаға жатқызбады

371
Елордадағы аяғы ауыр тұрғынын медициналық сақтандыру бойынша қарыздары болғандықтан,әйелден қан кетіп, құрсақтағы баласы қайтыс болып кеткеніне мән берместен, ауруханаға жатқызуға қарсы болған.
Аталмыш, аяғы ауыр келіншек жүктіліктің 8-ші аптасында өзін нашар сезіне бастайды.Сол күні қызуы көтеріліп, қан кете бастағандықтан ауруханаға жол тартады. Алайда медициналық сақтандыру бойынша қарызы бар болғандықтан, оны ақ халаттылар ауруханаға жатқызудан бас тартқан.
 Жоғарыда айтылғандай, құрсақтағы бала іште шетінеп кеткен екен. 
"Олар маған көмектесуден бас тартуға құқығымыз бар деп тіл қатты. Олар дамымай қалған жүктілікпен екі айға дейін аман жүруге болатынын да дым болмағандай айтты. Содан кейін мен басқа амалсыздың жоқтығынан жеке клиникадағы таныс дәрігерден көмек сұрадым. Дәл менің жағдайымда тұрып айлап жүре беруге болатын да мүмкін шығар. Бұл олар үшін бұл жай ғана дамымай қалған ұрық, ал мен үшін бұл іштегі өлі бала", - деп күйініп, сұқбат берді елорда тұрғыны Оксана. 
Тілшілер қалалық емхана дәрігерінен түсініктеме алған. Ақ халаттының айтуынша, олар сақтандыруы жоқ науқастарды қабылдауға құқы жоқ. Әйел жағдайы нашарласа жедел жәрдемге хабарласуы тиіс болған дейді ол. 
"Оның сақтандыруы болмады және ол сақтандыруы барын айтқанымен, базада болмады. Сол себепті, біз оны қайтардық. Егер жағдайы нашар болса, жедел жәрдемге хабарласып, шұғыл көмекке жүгінуі қажет", - деді №2 қалалық көпбейінді аурухананың гинеколог-дәрігері. 
Репродуктивті медицина қауымдастығының басшысы дамымай қалған жүктілікпен әйел он күннен екі айға дейін жүре алатынын айтуда. Осы уақыт ішінде міндетті медициналық сақтандыру бойынша қарыздарды төлеуге болады. Ал егер әйелдің өміріне ешқандай қауіп болмаса, онда дәрігерлер медициналық сақтандыруы жоқ науқасты ауруханаға жатқызудан бас тартуға құқылы екен. 
"Егер шұғыл түрде тазарту жасау қажет болмаса, онда әйел міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде ауруханаға жатқызылады.,Ал ол сақтандыру бойынша төлем жасамаған болса, ол оны төлеуі керек. Демек, ол ақылы түрде ауруханаға жатқызылады немесе осы жарналарды төлеуі қажет. Барлық төлемді толықтырады", - дейді Қазақстан репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин.