"Ауырмайтын жол іздеуге шақырамын": Тоқаев пандемиямен өткен бір жылға тоқталды

381
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бір жыл бұрын пандемия басталғанын жариялауына байланысты пікір білдірді.
Бір жыл бұрын ДДСҰ пандемияның басталғанын жариялады. Содан бері Қазақстан бүкіл әлеммен бірге көптеген қиындықты бастан кешті. Мемлекет азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін пәрменді шаралар қабылдады.
 Төтенше жағдай кезінде табыссыз қалған тұрғындарға қаржылай және басқа да көмек берілді. Біз береке-бірлік пен өзара қолдаудың арқасында өршіген індетті еңсердік», - деп жазды президент Twitter желісіндегі парақшасында. 
Мемлекет басшысының cөзінше, дерттің қатері әлі де сейілген жоқ.
 "Вирусты вакцинация арқылы ғана түбегейлі ауыздықтай аламыз. Барша отандастарымызды ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеуге шақырамын", - деді Президент.