Михаил Горбачевке Назарбаевтың жазған хаты жарияланды

412
Еліміздің тұңғыш президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті 90 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Құттықтау мәтіні Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды. Онда КСРО президентінің мемлекеттік қызметі үлкен құрметке лайық екені айтылған. "Әлем тарихында әсер еткен үлкен өзгерістер сіздің есіміңізбен байланысты. Мерейтойыңызды күш-қуатқа толы күйде қарсы алып, жұмысыңызды жалғастырып, сұранысқа ие қоғамдық, гуманитарлық, ағартушылық жобаларды жүзеге асырып жатқаныңыз қуантады. Біздің достық және сенімге негізделген қарым-қатынасымызды жоғары бағалаймын", - деп жазған Елбасы. 
Қорытындылай келе, Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевке зор денсаулық, ұзақ өмір мен бақ-береке тілеген.