9 ЖЫЛҒА ТАҒЫ СОТТАЛДЫ

404
Сот үкімімен Ертаев аса ірі мөлшерде алаяқтық жасауына байланысты және жалған құжаттар дайындағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол тоғыз жылға темір торға тоғытылып, материалдық жауап артылатын қызметпен айналысу құқынан 10 жылға айырылды. Ертаев жазасын орташа қауіпсіздік колониясында өтейтін болды.

Сонымен қатар, осы қылмыстық іс бойынша тағы бес адам сотталды. Мәселен, кәсіпкер Нұрлан Тілеубаев аса ірі көлемдегі алаяқтық пен жалған құжаттар жасауда кінәлі деп танылды. Ол орташа қауіпсіздік колониясында 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол да 10 жылға материалдық жауап артылатын лауазымға ие болу құқынан және мемлекеттік марапаттарынан қол үзді..

Басқа айыпталушылар Әлімжан Тілеубаев пен Серік Атабай орташа қауіпсіздік колониясында 5 жыл 6 айға сотталды. Ақан Сұлтанов мерзімнің аяқталуына байланысты жазадан босатылды. Ал алтыншы айыпталушы Оксана Шестакова орташа қауіпсіздік колониясында 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Сот жаза тағайындау кезінде кінәні жеңілдеткен жағдайларды ескерді. Олар: бірінші сотталығы, кінәні мойындау, жасаған ісіне шын жүректен өкінуі, сотталушылардың қылмысын ашуға белсенді көмегі, басқа да сыбайластарын әшкерелеуге ықпал ету, Ертаевтың, Сұлтанов пен Әлімжан Тілеубаевтың кәмелетке толмаған балаларының болуы, және Шестакованың жүктілігі", - делінген сот хабарламасында.

Сотталушылардың мүлкі мен ақшалай қаражаты шығынды өтеу есебіне беру туралы қаулы шығарылды.