Ерлан Ыдырысов елші қызметінен босатылды

476
Ерлан Ыдырысов Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Исландиядағы, Ирландия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысының тиісті Жарлығы бүгін жарияланды.
Ерлан Ыдырысов 1959 жылдың 28 сәуірінде Қарқаралыда танымал жазушы Әбілфайыз Ыдырысовтың отбасында дүниеге келген. Мәскеу Мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын урду, хинди, ағылшын тілдерін меңгерген экономист-дипломат мамандығы бойынша (1981), КСРО СІМ-нің дипломатиялық академиясын (1992) бітірген.
1981-1985 жылдары Пәкістан, Үндістан мемлекеттеріндегі КСРО елшіліктерінде, Қазақ КСР-і СІМ-де жауапты қызметтер атқарған. 1992-1995 ж. БҰҰ-да Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі болды. Кейінгі жылдары ҚР СІМ-нің Америка елдеріндегі басқарма бастығы (1995), ерекше тапсырма бойынша елші (1995 – 96). ҚР Президентінің көмекшісі (1996 – 97). ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары (1997), департамент директоры, вице-министр қызметтерін атқарды.
1999-2002 жылдары ҚР Сыртқы істер министрі болды. Кейіннен СІМ-нің бірінші вице-министрі, Ұлыбритания біріккен корольдігі мен Ирландиядағы, сондай-ақ Швеция, Норвегия, Дания елдеріндегі төтенше және өкілетті елші қызметтерін қоса атқарды.
2007 жылдан ҚР-ның АҚШ пен Бразилиядағы төтенше және өкілетті елшісі.
2012 жылдың 28 қыркүйегінен бастап ҚР Сыртқы істер министрі.[2] (04.04.2014ж. қайта тағайындалды.
28 желтоқсан 2016 жылы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі қызметінен босатылды. 2016 жылы қайтадан Қазақстан Республикасының Ұлыбритания біріккен корольдігі мен Солтүстік Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.
15 ақпан 2017 жылы Қазақстан президентінің жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлыбритания біріккен корольдігі мен Солтүстік Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.
2017 жылы 8 тамызда Қазақстан Республикасының Исландия және Ирландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.