Мұхтар Тілеуберді Ресейдің Қазақстандағы елшісін қабылдады

522
Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Алексей Бородавкинмен кездесу өткізді. 
Тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары жөнінде сөз қозғады. Сонымен қатар, ағымдағы жылы аса жоғары және жоғары деңгейдегі сапарлардың кестесін талқылады. 
Қазақстан мен Ресейдің халықаралық ұйымдар және интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше көңіл бөлді.