"Жүрегім қан жылады"...

549
Қазақстандық танымал әнші әрі әртіс Айгүл Иманбаева Алматы қаласында  өткен феминистер шеруіне қатысты өз пікірін айтты. Өнер иесі өз мемлекетінде мұндай жайттардың орын алып жатқанына қатты күйінгенін жасырмастан ойымен бөлісті. 
Айгүл Иманбаева шу тудырған феминистер шеруіне қатысты өз ойын Instagram желісі арқылы жеткізді. Эстрада жұлдызы мұндай бағыттағы шараларға түбегейлі қарсы екендігінде баяндады.. Оның сөзінше, жаратқанның заңына қарсы келуден асқан күнә жоқ.
"Кеше Алматы қаласында өткен феминистердің митингісін бүгін әлеуметтік желіден көріп жүрегім қан жылады. Елім үшін.Ұлтым үшін. Ұрпағым үшін. Бала тәрбиесімен қоғам қалыптасады. Отан отбасынан басталады деп аталарымыз бекер айтпаған. Қайда барамыз? Кім болып барамыз? Кімнен көреміз? Жаратқанның заңына қарсы келуден асқан күнә жоқ шығар. Рухым қарсы. Болмысым қарсы. Жүрегім қарсы. Миым қарсы. Алла кешіре гөр. Жүректегі көзімізді оята гөр" , - деп жазған Айгүл Иманбаева.