Ләйлә Сұлтанқызы феминизмге қатысты пікір білдірді

387
Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы соңғы кезде қоғамда қызу талқыланып жатқан феминизм тақырыбына қатысты өз пікірін білдірді.  Ақпарат өкілінің сөзінше, көпшілік феминист дегеннің мағынасын дұрыс түсінбей жатады.
Ләйлә Сұлтанқызы шу тудырған мәселе жайлы өз ойын Instagram парақшасы арқылы жеткізген. Тележүргізуші әйел құқығының тең болуына қарсы тұратын қыз-келіншектің көп болғанына қатты таңғалған.
 "Бүгіннен бастап Ауғанстанда 12 жастан асқан қыздарға қоғамдық іс-шараларда ән айтуға тыйым салынды. Құдай сақтасын, біз Ауғанстан емеспіз деп отырған шығарсыз. Кейбір пікірлерді көрдім, феминист деген сөздің мағынасын ұқпайды, түсінгісі де жоқ. Феминизмге, әйел құқығының тең болуына, көзі ашық білімді болуына, саяси-экономикалық, әлеуметтік жағдайының жақсаруына қарсы тұратын қыз-келіншектің көп екені таңқалдырды. Сонда сіз қызыңыздың оқығанын-тоқығанын, ел-жер көргенін (шамадан тыс еркіндік туралы айтып тұрғам жоқ), өз құқығын білгенін қаламағаныңыз ба" , - деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.