"Карантин қайда"...

399
Отандық танымал әнші Айқын Төлепберген Шымкентте концерт өткізетінін көпшілікке жар салды. Өнер иесінің ән кеші 14 наурызға жоспарланған.
Бұл туралы шоу-бизнес жұлдызының өзі Instagram парақшасында  хабарлаған. Ол Шымкент шаһарындағы барша жанкүйерлерін өз ән кешіне шақырды.
 "Алақай! Алғашқы концерт! Шымкент! Түркістан сарайы. Көптен күткен кеш! Баршаңызды күтемін. Осы жексенбі! 14 наурыз! Концерт", - деп жазды ол.