Таразда карантин кезінде әнші Бүркіттің анасы үшін мерекелік кеш ұйымдастырылған

522
Отандық танымал әнші Бүркіт желіде анасының 80 жас мерейтойы қалай өткенін көрсетті. Өнер иесінің сөзінше, мерекелік шараны Жамбыл облысының мәдиниет басқармасы мен Уәлиханов атындағы кітапхана басшылығы ұйымдастырған.

Әншінің анасының құрметіне ұйымдастырылған мерекелік кеш 17 наурыз күні Тараз қаласындағы Абай театрында өткен көрінеді. Желіде тарап кеткен видеолардан той қонақтарының барлығы дерлік маскасыз жүргенін байқауға болады. 

Эстрада жұлдызы анасының мерейтойы қалай өткенін өзінің Instagram желісінде көрсеткен еді. Бейнежазбаларда оның келіншегі Аиша да бой көрсетеді. 

"Анамның 80 жас мерей тойына орай Жамбыл облысының Уәлиханов атындағы кітапхана басшылығының және Жамбыл облысының мәдениет басқармасының әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткен тамаша кеш үшін алғысымызды білдіреміз", - деп жазды өнер иесі. 
Бүркіттің анасы Айша Көпжасарова танымал ақын әрі Қазақстан жазушылар одағының мүшесі болып табылады. Әртістің сөзінше, анасы 20 жыл бойы Тараздағы Абай атындағы театрда мәдениет бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеген. 

Желі қолданушылары туған күн иесін жарыса құттықтап, өз ақ тілектерін жолдады.