Аманғалиден төмен айттың...

552
Белгілі әзілкеш Аманғали Сыпабековпен "Егіз лебіз" жобасына қатысып жатқан әнші Жұлдыз Өмірғали қатаң сынға ұшырады. Толқын Забировадан сыни пікір естіген өнер иесі сахна сыртында жылап қалды.
 
"Егіз лебіз" жобасындағы қазылар алқасының мүшесі Толқын Забирова Жұлдыз бен Аманғалидің өнер көрсетуіне қатысты пікір білдіріп, Айқынның жарын жылатып қойды.
 
 Ол көпшілік алдында Жұлдыз Өмірғалидің ән айтқанына көңілі толмағанын ашық айтқан. 
"Бір ерекше айтады ма деп күттім.Бұл жұптың селебритиі Аманғали болса, кәсіби әнші Жұлдыз болып тұр ғой. Жұлдыз өте әдемісің. Сахнаға осындай әдемі ұл-қыздар шыққанда мен қатты қуанамын. Бізге сондай адамдар керек. Сахна әдемілікті, нәзіктікті жақсы көреді. Бірақ, бір жек көретінім - әнді таза айтпау. Бұл жерде сен әнші болғандықтан бұл кешірімсіз нәрсе деп ойлаймын. Менің сыныма жақсы әрі түсіністікпен қарайсың деген ойдамын. Егер Аманғали солай айтып шықса мен түсіністікпен қараушы едім. Ал өзің кәсіби әнші болғандықтан таза айтпау, өзінің әуеніне түспеу кешірімсіз нәрсе" , - деді Толқын Забирова.