Анасының құшағында ұйықтаған Жазира Байырбекова елді тәнті етті

500
Отандық танымал әнші Жазира Байырбекова желіде анасының қасында ұйықтап жатқан суретімен бөлісіп, ел жүрегін елжіретті. Анасы мен қызының ерекше фотосына қалың көпшілік сүйсінген.
Жазира Байырбекова анасымен түскен суретті Instagram парақшасында жариялап қойған. Онда өнер иесінің анасының қасында ұйықтап жатқанын көруге болады.
 
"Ананың перзентіне деген махабаты мен ризашығы күшейген сайын перзентінің жолы ашылып,істері берекелі болады" , - деп жазып қойған Байырбекова.
 
Аталмыш фотоға тәнті болған желі қолданушылары бірден эстрада жұлдызына деген жылы лебізін білдіріп, анасы екеуіне ақ тілектерін жаудырған. 

"Ана алақанын сезіну қандай күшті" , "Аналарымыз аман болсын" , "Өзіміз де ата-ана болсақ та, анамызға еркелеп жүруге не жетсін" , "Қандай керемет көрініс. Анаңыз жүз жасасын" , "Анаға жетер жан жоқ қой", "Осы құшақты аңсап жүрген қаншама жан бар" , "Анасының аялы алақанында уайымсыз, мұңсыз ұйықтап жатқан Жазира" , "Жазира аман-есен жүріңдер. Анаң да жақсы адам" , "Осындай бақытты сәттеріңіз көп болғай" , - деп жазуда көпшілік.