Актриса Айнұр Ильясова жол апатына түсті

537
Отандық танымал актриса Айнұр Ильясова жол апатына түсті. Бұл туралы өнер иесі өзінің әлеуметтік желілерінде жазған. Ол оқиға орнынан фото мен видеолармен бөліскен.

Киножұлдыздың айтуынша, жол-көлік оқиғасына себепші жас жігіттің өзі де шошып қалған.
Айнұр Ильясова жол-көлік оқиғасына тап болғанын Instagram парақшасында хабарлаған. Көзіне жас алған актриса жанкүйерлеріне видео жолдады. 

"Таңым жақсы басталып еді. Бірақ, ойламаған жерден бір көлік келіп мені соқты. Алда не күтіп
тұрғаның білмейсің деген осы" , - деді өнер иесі. 

Артынан сабырға келген Ильясова өзі үшін қатты алаңдаған көпшілікке жағдайдың мән-жайын түсіндіріп берген. 

"Мен өз жолағыммен жүріп келе жаттым. Бір жігіт кенеттен менің көлігімді соқты. Мен барынша шетке беріп, тежеуішті бастым. Бірақ, бұл жерде бұрылатын жер жоқ, сол себепті осындай жағдай болып қалды. Менің алдыңғы есігім тіпті ашылмайды да, артқы есіктен шықтым. Көлікте балалардың болмағанына шүкір" , - деп айтып берді ол.