Әлемдік кино мен әдебиеттің майталмандары қазақша сөйледі

630
Холдинг халық арасында ең сүйікті өнерге айналған - үлкен экрандарда көрсетілетін кино шедеврлерін бұқара халыққа қазақ тілінде ұсына бастады. 2018 жылдан бастап компанияның қаржылық қолдауымен аңызға айналған Disney, Warner Bros. Pictures, Walt Disney Animation Studios, Paramount Pictures киностудияларының 10 әлемдік фильмі қазақ тіліне аударылды. 
Осы мақсатқа құрылыс компаниясы 560 миллион теңгеден астам қаражат бөлді. «Монстрлар демалыста-3: теңіз шақырады», «Щелкунчик және төрт патшалық», «Дамбо», «Алладин», «Ойыншықтар хикаясы-4», «Арыстан патша», «Тас жүрек-2», «Алға», «Мулан», «Жан» фильмдерінің кейіпкерлері қазақ тілінде сөйледі.