Юрий Дудь өзінің бір сұхбатында дарынды Қазақстандықтар тізімін атап өтті.

585
Ресейдің танымал журналисі, видеоблогер "Қазақстан шығармашылық жағынан бәрін басып озды" деген пікір білдіріп, еліміздің жас таланттарының тізімін көрсетті. Онда режиссерлерден Айсұлтан Сейітов, Медет Шаяхметов, Қанат Бейсекеев, Қуаныш Бейсеков, музыканттардан Скриптонит, Jah Khalib, Масло черного тмина, Imanbek, Димаш Құдайберген, Zoloto, 104, Truwer, M'Dee, The Limba, Dequine, Niman, Кисло-Сладкий & Bonah, "Ирина Кайратовна", Alphavite бар.
Сондай-ақ, әзілкештерден - Нұрлан Сабуров, Евгений Чеботков, Вячеслав Никифоров, Медет Қалибеков, Ғалым Қалиақбаров және Біржан Қабылбаев.