Сөзі Абайдан, әні Билли Айлиштен

398

Шымкенттік 25 жастағы Нұх Қалдыбай Қазнетті ерекше туындыларымен халықты таңғалдырды. Ол қазақ ақындары өлеңін қазіргі танымал әртістердің әуенімен әрлейді. Сондай-ақ, шетелдік әндерді қазақ тіліне аударады, өзі ән айтады.

                     Ұлыбританиялық әнші Billie Eilish стиліндегі әуенге Абай Құнанбаевтың "Ауру жүрек ақырын соғады жай" өлеңі айтылған видео Instagram-да жүз мыңнан аса қаралым жинаған. Нұх Қалдыбайдың тағы бір видеосы - сол әншінің Lovely әнінің қазақ тіліне аудармасы TikTok-та танымал болды.