Рулі оң жақтағы көліктерді әкелген қылмыстық топ

383
Солтүстік Қазақстан облысында автокөлік контрабандасымен айналысқан трансұлттық қылмыс тобы құрықталды. Олар темір тұлпарларды жалған кедендік құжат бойынша Ресей елінен Қазақстанға қосалқы бөлшек түрінде жеткізіп отырған екен. Экономикалық тергеу департаменті мен прокуратураның бірлескен жедел әрекетінің нәтижесінде қаладағы біршама қоймадан 54 түрлі маркалы көліктер және 6 жүк көлігі тәркіленді. Тексеру кезінде сезіктілердің заңсыз әрекеттерін растайтын мемлекеттік номерлер мен жалған құжаттар табылды. Төрт күдікті екі ай мерзімге уақытша қамауға алынды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары  жүргізіліп жатыр. Мемлекетке келтірілген шығын 650 миллион теңгені құрайды. Виктория Пивоварова, облыстық экономикалық тергеу департаментінің басқарма басшысы: 
- Бұл көліктердің рулі оң жақта орналасқан. Қазақстан аумағына оларды әкелуге заңмен тыйым салынған. Қазір бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалып жатыр. Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе олар 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Ал көліктердің тағдыры не болатыны әзірге белгісізболып отыр. Оны да сот шешеді.