«Қақпаған есігім қалмады»...

446
Алматы облысы, Қорам ауылында үш жасар қыз баланың өліміне себепкер болған күдікті 10 айдан бері табылмады.
Үш жасар қыз баланың жол апатынан көз жұмғанын сараптама қорытындысы көрсеткен. Сәбиді көлікпен қаққан белгісіз біреу оны қансыраған күйі қараусыз қалған ғимаратқа тастап ізін суытқан. 
Тұрғындар жабылып, бүлдіршінді іздеп тапқанымен тым кеш болған. Қара жамылған ата-ана содан бері істің сағызша созылғанына наразы әрі ашулы.
Қайғылы оқиға былтыр 1 мамыр күні болған. Үш жасар қыз бала кешкі астан соң далаға ойнауға шыққан екен. Ал жарты сағаттан соң ата-анасы қызының жоқтығын байқап, оны іздеуге кіріскен.
 Бүлдіршін алты сағаттан кейін бос ғимараттың ішінен түнгі сағат бір жарым шамасында табылған. Оны осында іздеп келген ауыл тұрғындары байқаған.