Төрт айлық нәрестенің өлімі

368
Украина мемлекетінің Ровненск облысында мысық төрт айлық нәрестені тұншықтырып өлтірді. Бұл туралы Жедел медициналық көмек көрсету орталығының Facebook-тегі парақшасында хабарланды. Оқиға 8 наурыз күні Острог қаласында болған. Бүлдіршіннің анасы баласының арбада қозғалыссыз жатқанын көрген, ал шақалақтың бетінде мысық ұйықтап жатқан. Жедел жәрдем қызметі реанимациялық іс-шаралар жасағанымен, одан еш нәтиже болмаған. Аудандық аурухананың дәрігерлері де баланың өлімін растаған. Қайғылы жайт туралы полицияға хабарланған.