«Қазақалтын» МК» АҚ-дан 1,5 млрд теңгенің ұрлануына қатысы бар күдіктілерді ұсталды

354

Ақмола облыстық полициясы «Қазақалтын» МК» АҚ-дан 1,5 млрд теңгенің ұрлануына қатысы бар күдіктілерді ұстады. 23 ақпанда «Қазақалтын» МК» АҚ өкілдері полицияға компанияның есепшотынан 1 миллиард 533 миллион теңгенің жымқырылғанын айтып, арызданды. 

«Бұл қылмысты ашу үшін криминалдық полиция мен тергеу бөлімдерінің тәжірибелі қызметкерлерінің арасынан жедел-тергеу жедел тобы құрылды. Бұл фактіге сәйкес Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін ерекше көлемде иемдену немесе ысырап ету» бойынша сотқа дейінгі тергеуі басталды. Бұл бап жеті жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді», - деп хабарлады полициядағылар. 

Кешенді іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтанда 26 ақпанда екі күдіктіні ұстады, оларға қатысты сот қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындады. Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу органы тергеу шеңберінде келтірілген зиянды өтеуді қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауда. Тергеу мүдделеріне қатысты басқа ақпарат жария етуге жатпайды.