Павлодар қаласында көшеден еліктің ұшасы табылды

419
Бүгін Павлодар қаласында сағат 03:00-де Павлодар қаласының полициясына Естай көшесі, 28 ғимараттың жанында еліктің ұшасы табылғаны туралы хабарлама түскен.
 Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен облыстық техникалық инспекция мамандары шыққан. Олар бейнебақылау камераларын қарап, еліктің қалаға Ертіс өзенінің жайылмасынан келгендігін анықтады.
 «Естай көшесіндегі ғимараттың жанында оны аңдыған қаңғыбас иттер елікке қарай жүгіріп, оны талап тастаған», - деді Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ғалым Сарғұлов. 
Полицияда аталған факті бойынша Павлодар облысының Полиция департаменті облыстық Ветеринария басқармасына қаңғыбас иттерді ұстау бойынша жұмыс жүргізу туралы хат жолдағанын атап өтті.