Қызылордада баспалдақ құлап, келіншек балаларымен жертөлеге түсіп кетті

610
Қызылордада қала ортасында орналасқан 64 пәтерлік жатақхананың баспалдағы опырылып, келіншек екі баласымен жертөреге құлап кеткен. Тұрғындардың айтуынша, салынғанына қырық жылдан асқан ғимарат ызадан күн өткен сайын мүжілуде. 
Әсем Мырзаханова кешкісін балаларын балабақшадан алып келе жатқан. Баспалдақтың қалай опырылып кеткенін өзі де түсінбей қалған. "Қас-қағым сәтте жертөлеге құлап  кеттім" дейді ол. Жанындағы 1 және 2 жастағы балаларын періштесі қақты деп отыр. Алайда, бойындағы үрейі әлі басылмаған. 
"Бірінші өзім құладым, екі цемент үстіме құлады. Екі цементтен кейін үстімен екі бала келіп құлады. Екі баланың бірінің басы цементке тиді. Оны апарып тексерттім, миы шайқалған дейді. Өзімнің денсаулығым жарамайды. Аяғым ісіп, ішімнің бәрін тіліп кеткен" , - деді Әсем Мырзаханова.