Павлодар қаласында зейнеткер мен кондуктордың жанжалы орын алды

403
Куәгерлер жолаушылар автобусында кондуктор мен жолаушының арасында болған жанжалды видеоға түсіріп алды. 
Ролик Instagram желісіндегі "Типичный Павлодар" парақшасында жарияланған. Автордың жазуынша, зейнеткерді автобустан шығарып жіберген.
 "Бүгін, №1 автобуста кондуктор зейнеткермен зейнетақы куәлігінің болмауына байланысты жол ақысын толық төлеуден бас тартқаны үшін төбелесті", - делінген видеоның жазбасында. 
Кадрларда кондуктор-әйелдің келесі бір әйелдің автобус салонына кіруіне мүмкіндік бермей жатқанын көруге болады. Сонымен бірге автобус қызметкерінің жолаушыға балағат сөздер айтқаны естіледі. 
Желідегілер кондуктордың іс-әрекетіне ашуланған. Қолданушылардың бірі дәл осы кондуктор жұмыс істейтін автобусқа мінгенін айтады. Оның сөзінше, кондуктор өзін өте дөрекі ұстаған. 
Сонымен бірге роликтің астында Павлодар әкімдігінің ресми парақшасы атынан пікір қалдырылған.