Бір көлікке отырған мас әйел бес жасар баласымен жол апатына түсті

407
Алматы қаласының "Таугүл" ықшамауданында спирттік судан ұрттап алып, көлік басқарған әйел бірнеше көлікті зақымдады.
Лада Гранта автокөлігінің рөліне мас күйде отырып, дүкенге жетпек болған әйел жол апатына түскен. Көлікте одан бөлек құрбысы мен 2015 жылғы қызы болған.
            Әйел жолай тұрақта тұрған Toyota RAV4 көлігін соғып, Toyota артында тұрған Мерседес E-Class автокөлігіне барып соғылған. 
Бұл жағдайға да тоқтай қоймаған нәзік жанды артқа жүріп, қозғалысын жалғастыра түскен. Дүкеннен керегін алып, ол тағы да машина тізгініне отырып жолға шығады. Сүлейменов көшесімен келе жатып келіншек Mitsubishi Pajero көлігіне соқтығысады. 
Алайда бұл іс әрекетімен ізін суытпақ болған әйелді полиция қызметкері байқап қалған. Себебі бұл жолы құқықбұзушылық дәл модульдік полиция бекетіне қарама-қарсы бетте тәртіп сақшысының көз алдында болған деседі.