Елші мінген көлікті су тасқыны төңкеріп тастаған

476
Дипломаттың күйеуі мен әріптестері оқиға орнында көзжұмды. Көліктегі тағы 2 адам тірі қалған. Құтқарушылар консулдың денесін бірден тауып алып, жағаға шығарды. Қалған 2 жолаушының денесін бірнеше сағаттар бойы іздеген. Колумбияның Сыртқы істер министрлігі дипломаттың тосын қазасына байланысты Панамаға көңіл айтып, жедел хат жолдады. Колумбияның ұлттық полиция басшысы: - Өзен арқылы өтетін жолмен келе жатқанда тосыннан тасқын келіп, көлікті бірнеше метр жерге лақтырып жіберген. Апат соңы қайғылы оқиғамен аяқталған.