Үйі өртеніп, алты баласымен далада қалған Айгерімге үй берілді.

433
"Осылай қиын шақта қолдау көрсетіп, мені далада қалдырмай баспанамен қамтамасыз етіп отырған менің спонсорларыма үлкен алғыс білдіремін", - деді көп балалы ана Айгерім Абдуллақызы.
Жергілікті әкімдіктен жалдамалы пәтерді жоқтап жүргенде, бұл шаңыраққа жергілікті кәсіпкерлер көмектескен екен. 
"Үйлері тұтасымен жанып кеткен. Соған қазір Гаризонт.кз деген демеушілер шықты. Көмектесеміз деп осы үйді алып беріп жатыр", - дейді Талғар ауданы әкімі Қайдар Әбдіханов. 
Кейіннен көп балалы ананың мәселесіне облыс әкімі араласқан. 
"Сюжетті облыс әкімі көріп шықты. Одан кейін бұл бірінші рет емес қой. Бұл үрдістің жалғасы жаңағы "челендж" десек те болады. Жаңағы облыс әкімінің үндеуіне кәсіпкерлер құлақ асып ақпанда далада қалған отбасына наурызда үй беріп жатыр", -деді Алматы облысы әкімінің кеңесшісі Ғалымұрат Жүкел.
Енді үй Талғарда болғандықтан, отбасы балаларының мектебін де ауыстырсақ деп отыр.