"Әйелді өлтіре жаздады" ...

483
Теміртауда кезекке таласқан тұрғындар бір-бірін итеріп, құлатып, емханаға кірмек болды.

Келеңсіз жағдай Теміртау қаласындағы №1 емхананың кіреберісінде болған. Таңғы 8-де есік ашылысымен тезірек ішке кіруге таласқан жұрттың бейнежазбасы әлеуметтік желіге тарап кетті. 

Кезекте тұрған ығы-жығы адам бір-бірін итеріп, құлатып, емханаға кірмек болады. Жазба авторының айтуынша, жұрт жерге құлаған әйелді де басып-жаншып өтпекші болған. 

Ал жиналғандар "осындай жағдайдың қалыптасуы - емханадағы жұмыстың дұрыс ұйымдастырылмауынан" дейді. Алайда емхана директоры оның себебін басқаша түсіндіреді. 

"Емхана таңғы 8 ден кешкі 8- ге дейін жұмыс істейді. Есіктер 7.45-те ашылады. Науқастарды қабылдау басталардан
15-20 минут бұрын келуге шақырамыз. Алайда олар бүгінгідей тым ерте келіп алады. Салдарынан қаншама адам кептелісіп қалды", - дейді Теміртау қалалық №1 емхананың директоры Гүлнар Есімсейіт.