Демалыс күндері жолда қалған адамдар құтқарылды

425
«2021 жылғы 9 наурыздағы жағдай бойынша «Қазгидромет» РМК деректері бойынша 8 өңірде яғни Ақмола, Ақтөбе, БҚО, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, СҚО және Маңғыстау  дауылды ескерту жарияланды. ТЖМ ахуалдық орталығында Республикалық жедел штаб жұмыс істейді. Осындай штабтар Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, СҚО, ШҚО жұмыс істейді», – делінген Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметі таратқан мәліметте. Қазіргі уақытта ауа райының нашарлауына байланысты (боран, қар, нашар көріну, көктайғақ) 7 өңірде республикалық маңызы бар автожолдардың 8 учаскесі және 60 облыстық маңызы бар учаске жабылды, бұл Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары. Шұғыл жұмыстарға ТЖМ, ІІМ, жол қызметтерінен, ЖАО барлығы 842 адам және 513 бірлік техника жұмылдырылды. Халықты ескерту мақсатында ауа райының нашарлауы туралы 27 СМС-хабарламаны таратылды, «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы 47 хабарлама жіберілді.