Дмитрий Попко Санкт-Петербург турнирінің ширек финалына шықты

313

Жарыстың  2-ракеткасы болып тіркелген Д.Попко екінші айналымда отандасы, рейтингте 395-сатыдағы Денис Евсеевпен кездесті. 

Бірінші партияда Попко 6:4 есебімен жеңіске жетті. 

Екіншісінде Евсеев есе қайырды - 6:2. 

Үшінші, шешуші сетте брейк жасаған Попко сол басымдылығынан айырылған жоқ - 6:4. Қос қазақстандық арасындағы тартысты бәсеке 2 сағат 8 минутқа созылды. Д.Попко жүлде қоры 52 мың АҚШ долларынан асатын доданың жартылай финалына шығу үшін әлемнің 226-ыншы, осы турнирдің 5-ракеткасы, германиялық Рудольф Меллекер немесе рейтингте 332-сатыдағы чехиялық Иржи Лехечканың біреуімен таласады. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Е.Рыбакинаның Дубай турнирінің үшінші айналымына шыға алмағанын, теннистен ел чемпионатында жартылай финалға кімдер өткенін жазған болатынбыз.