Танымал егіз спортшылардың тойы дүркіреп өтті

513

Алматы қаласында  егіз спортшылар – Ғұсман және Ғұмар Қырғызбаевтар шаңырақ көтерді. Қазақ күресі мен дзюдо шеберлерінің тойына еліміздегі танымал спортшылар шақырту алған.
Қырғызбаевтар отбасындағы қуанышты сәтті той қонақтары әлеуметтік желіге жүктеді.
 Әзірше, балуандардың таңдауы Қасиет және Жансая есімді бойжеткендерге түскені белгілі болды. Еске сала кетейік, Ғұсман және Ғұмар Қырғызбаевтардың отандық спорттағы рөлі ерекше. Әсіресе, Ғұсман Қырғызбаев дзюдодан ұлттық құрама үздіктерінің бірі саналады. Ол жақында дзюдодан өткен Тель-Авивтегі "Үлкен Дулыға" турнирінде қола алқасын иемденді.
 
Халықаралық дзюдо федерациясының жаңартылған рейтингінде Ғұсман Қырғызбаев алғашқы ондыққа енген.